Сенат Р. Мамырбаевты Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайлады

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар Рахымбек Мамырбаевты Жоғарғы соттың судьясына сайлау туралы қаулы қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, Рахымбек Мамырбаев аудандық соттың судьясы, облыстық соттың судьясы, облыстық сот төрағасының орынбасары, облыстық сот төрағасы, Бас прокуратураның департамент бастығы, облыс прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды. «Прокуратурада қызмет еткен жылдары ол өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Судьялық қызметтегі тәжірибесі де мол», - деді О. Жұмабеков. Р. Мамырбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының өкімімен Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум