Сенат спикері Қ. Мәми «Швейцария-Қазақстан» ынтымақтастық тобын құруға қолдау білдірді

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Елшісі Мауро Рейнаны қабылдады.
None
None

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында Сенат Төрағасы Қазақстан мен Швейцария көптеген аймақтық және халықаралық мәселелердің шешілуі бойынша ортақ көзқарасқа ие екенін атап өтті. Әңгіме кезінде ЕҚЫҰ-ға 2014 жылы Швейцария төрағалық етуі тұрғысындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды. Екіжақты парламентаралық үнқатысуды ілгерілету туралы айта келіп, Қайрат Мәми Швейцария Федералдық жиналысының «Швейцария-Қазақстан» ынтымақтастық тобын құру туралы шешіміне қолдау білдірді.

Кездесу барысында өткен жылы шамамен 5,2 миллиард долларды құраған өзара сауда көлемінің оң қозғалысы қанағаттанғандықпен аталып өтілді.

Тараптардың пікірінше, сауда-экономикалық ынтымақтастық әлеуетінің толық ашылуына Қазақстан-Швейцария Іскерлер кеңесінің жұмысы мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының қызметі ықпал етуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар