Сенат спикері Орыс православ шіркеуінің сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасымен кездесті

Сенат спикерінің атап өтуінше, Қазақстандағы саны жағынан екінші дәстүрлі дін ретінде Православие конфессияаралық келісімді нығайтуда басты рөлдердің бірін атқарады. Орыс православ шіркеуі Президент Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін шақыру бастамасына алғашқы кезеңнен қолдау білдірді. 10 жылдан бері ОПШ осы игі бастаманың жүзеге асуына елеулі үлес қосып келеді. Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдың өткен жылдың мамыр айындағы Қазақстанға жасаған сапары және оның Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің IV съезіне қатысуы үлкен мәнге ие болды.
Съездің 10 жылдығына орай тараптар аталмыш форумның дамуы тұрғысында әңгіме қозғады.
Митрополит Иларион түрлі діни конфессиялардың қатар өмір сүруі қазіргі халықаралық күнтізбедегі негізгі мәселелердің бірі екеніне тоқталып өтті. Орыс православ шіркеуі Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың түрлі діни конфессиялардың бейбіт өмір сүруі мен өзара түсіністігін өз саясатының басым бағыты ретінде қоюын жоғары бағалайды. Қазақстан көптеген елдерге үлгі бола алады, деп атап өтті митрополит.
Кездесуге сондай-ақ Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Ортаазиялық митрополит Викентий қатысты.