16:15, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Сенат спикері Президентке Қазақстанның парламенттік делегациясының Венада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы отырысына қатысуының қорытындылары туралы баяндады
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сенат төрағасы Елбасына Венада ақпанның 18-21-і күндері өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына Қазақстанның парламенттік делегациясы қатысуының қорытындылары туралы баяндады.Отырыс ауқымында Қазақстанның 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымына арналған арнайы сессия өтті.