Сенат төрағасы еліміздегі дәрі-дәрмек өндіру саласындағы көрсеткіштерді сынға алды

PhD қорғауға қойылатын талапты төмендетпеу керек – Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі дәрі-дәрмек өндіру саласындағы көрсеткіштерді сынға алды.

«Ресми статистикаға сәйкес, отандық өндірушілердің біздің дәрі-дәрмек нарығындағы үлесі қазір 10% құрады. Яғни, кем дегенде талап етілген 30 пайызға жету үшін бізге әлі де көп жұмыс атқару керек. Дегенмен, біз бұл саладағы көрсеткіштер төмендеп жатқанын көріп отырмыз», - деді М. Әшімбаев.

Сенат төрағасы былтыр негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру 2022 жылға қарағанда 10 пайызға азайғанын айтты.

«Сонымен қатар, елімізде өндірілген дәрі-дәрмектің экспорты былтыр 28,5 пайызға азайып, дәрі-дәрмек импорты 3,5 пайызға өскен. Яғни, отандық дәрі-дәрмек өндірісінің ұлғаюын емес, керісінше азаюы үрдісін көріп отырмыз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Хаттаманы ратификациялау дәрілік заттарды өндіру кезінде зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін жетілдіру үшін құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, Қазақстан халқының денсаулығын қамтамасыз етуді және сапалы дәрілік препараттарды емін-еркін алу мүмкіндігін кеңейтеді.

Осыған дейін қазақ ғалымы мұнайдан өңделетін дәріні биоқалдықтан жасайтыны туралы материал жарияладық.

 

Соңғы жаңалықтар