Сенат Төрағасы АҚШ-тың ИКҰ мәселелері бойынша Арнайы өкілі Рашад Хуссейнді қабылдады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ислам Конференциясы ұйымының (ИКҰ) мәселелері бойынша Арнайы өкілі Рашад Хуссейнді қабылдады,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінде Қазақстанның төрағалық етуі қарсаңындағы бұл сапардың маңыздылығын атап өте келіп, төраға ИКҰ-ындағы жоғары лауазымда біздің еліміз ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін атап өтті. «Қазақстан бұл ерекше тәжірибені өзінің халықаралық дінаралық бастамалары арқылы, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері аясында әлемге ұсынып отыр»,-деді Қ.Тоқаев.

Р.Хуссейн мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның үлесін жоғары бағалады және біздің еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына табысты төрағалық етуіне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар