Сенат Төрағасы, ЕҚЫҰ ПА Төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен кездесті

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне қатысқан ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар діни басшылардың халықаралық жиынының нәтижесін жоғары бағалап, бұл форумда Қазақстан бірыңғай достық пен бейбіт қатар өмір сүруге шақырған түрлі конфессиялар өкілдері мен көрнекті саясаткерлерді бір үстелге жинағанын ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Бас хатшысын Қазақстанның халықаралық ұйымға төрағалық етуге әзірлік аясында елде жүргізіліп жатқан  көпсалалы жұмыстар туралы хабардар етіп, қазақстандық парламентшілер осыған байланысты халықаралық парламенттік ұйымдар қызметіне белсенді түрде қатысуға ниеттеніп отырғанын айтты.

Марк П. де Бришамбо өз кезегінде ЕҚЫҰ негізгі қағидаларына біздің мемлекетіміздің айнымастығына және Қазақстанның төрағалық етуі оның қызметін дамытуға және жетілдіруге ықпал етініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар