Сенат Төрағасы Еуразиялық даму банкін «Нұрлы жол» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды

Сенат Төрағасы ЕАДБ басшысы лауазымындағы Д.Панкинге тілектестігін білдіре отырып, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын іске асыруға банкінің белсенді қатысуының маңызды екенін атап өтті. Бұл жерде біздің еліміздің Еуразия аумағындағы көлік-тасымал әлеуетін толық пайдалану мақсатында Қазақстан жеріндегі ауқымды көлік инфрақұрылымы мен логистика құрылысы туралы айтылып отыр. «Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шарттың күші енуі Банктің осы салаға белсенді қатысуына әкеледі», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы Қазақстанның дамудың жаңа сатысына шығуына және әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін бес институционалдық реформаны іске асыруды мақсат еткен Ұлт жоспары туралы жүздесушіні хабардар етті.
Д.Панкин Банктің әлеуетін тиімді жүзеге асыру үшін оның дамуына жаңа серпін беру жоспарында бар екенін айтты.