Сенат Төрағасы Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Горбан Сейфиді қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан мен Иранның екіжақты қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөзқызметі.
«Қазақстан Иранмен достық және өзара тиімді байланыстарды дамытуға ерекше маңыз береді»,-деді Қ.Мәми.
Төрағаның айтуынша, екі мемлекеттің басшылары экономикалық және саяси салалардағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге баса назар аударады.
Иран Ислам Республикасы Мәжілісінің Төрағасы Али Лариджанидің былтырғы жылғы Қазақстанға ресми сапары қорытындыларын жоғары бағалай келіп, Қ.Мәми «парламентаралық байланыстар тұтастай табысты дамып келеді, сонымен бірге оны тереңдетудің мүмкіндігі зор»,-деп атап өтті.
Г.Сейфи қазақстандық тарапты еліміздің тәуелсіздігінің алдағы 20 жылдығымен құттықтады және ИИР Мәжілісі Төрағасы Али Лариджанидің Иранға ресми сапармен келуге шақыруын Қ.Мәмиге жеткізді.
«Сіздің ИИР-ға сапарыңыз парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа серпін беретін болады»,-деп атап өтті елші.