Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев астаналық нұротандықтарды Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қолдауға шақырды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалының мүшелерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды өткізу бастамасын қолдауға шақырды.
None
None

Сенат Төрағасы бұл ұсынысын осы уақытта өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық демокартиялық партиясы Астана қалалық филиалының ХІV есеп беру-сайлау конференциясында білдірді.

«Аз ғана мерзім ішінде партиямыздың Төрағасы, Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігері мен саяси көрегендігінің арқасында еңсерген асуларымыз көп. Қол жеткізген жетістіктердің сыры - Президентіміздің көрегендік, жасампаз стратегиясында. Бұл стратегия ең алдымен халықтың ырысын молайтып, бірлігін нығайтуға, ұлттық мүддемізді қорғауға бағытталған. Яғни, болашақ дамуымыздың бірден-бір кепілі»,-деді ол.

Қ. Тоқаев сондай-ақ, Қазақстанды бүгін бүкіл дүниежүзі дамыған, экономикасы тұрақтанған ел ретінде мойындап отырғанын және елдің азаматтық қоғам құрудағы еңбектері жоғары бағаланып, белді халықаралық ұйымдарға төрағалық ету құрметі беріліп отырғанын айта келе, ұлттық санамызды нағыз егемендік деңгейге жеткізіп, Қазақстан халқын ұйыстырған тағы бір жеңісіміз ол - жаңа елордамыз екендігін қадап айтты.

«Төрткүл дүние Астананы саяси, экономикалық және діни маңызы зор ірі орталық ретінде біледі. Қазақ елі мен Елбасының беделін асқақтатқан ЕҚЫҰ Саммитінің жоғары деңгейде өткені соны тағы бір айшықтады. Мемлекет басшысы Астананы елдің тірегі, үйлесім мен бірліктің ұйытқысы, ақыл мен күш-қайраттың алтын діңгегі деп санайды»,-деп айтқан Қ. Тоқаев, астаналық нұротандықтарды Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту бойынша референдумді өткізу бастамасын қолдауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар