Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Елшісі Горбан Сейфимен жүздесті

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Г.Сейфиді ресми қызметке кірісуімен құттықтап, оның Иранның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басшысы ретіндегі қызметі екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Қ.Тоқаев екіжақты қатынастардың тұрақтылығы мен орнықтылығын айта келіп, парламентаралық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Жалпы алғанда, халық дипломатиясы мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайтуда ерекше мәнге ие, біз Иран Ислам Республикасы Меджлисімен, сонымен қатар, ынтымақтастық топтар деңгейіндегі байланыстарды белсенділендіруге шақырамыз», - деді Төраға.
Жоғары палата басшысы Меджлис Төрағасы Али Лариджанидің Иранға ресми сапармен келуге шақыруына алғысын білдірді.
Қазақстан алдағы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететін болады. «Біз осы маңызды миссияны жүзеге асыруда ықпалды ислам мемлекеті Иранның көмегіне үміт артамыз»,- деді Төраға.
Қ.Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталып, сауда көлемінің артып отырғанын қанағаттанарлықпен атап өтті. Ол сонымен қатар, иран бизнес топтарын Қазақстан нарығындағы іргелі жобаларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Г.Сейфи өз кезегінде біздің еліміздің аймақтық лидер ретіндегі ролін жоғары бағалап, Қазақстан-Иран ынтымақтастығын, соның ішінде парламентаралық өзара іс-қимыл бойынша одан әрі ілгерілету қажеттігін атап өтті.
Дипломаттың пікірінше, Қазақстан мен Иран тауар айналымын бірнеше есеге ұлғайтуға, өзара тиімді әріптестіктің көптеген бағыттары бойынша тиімді іс-қимылдар жасауға қажетті әлеуетке ие.