Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам Конференциясы Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сәлем әл-Хаунимен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қ.Тоқаев мұсылман әлемі мен батыс арасындағы өркениеттер үнқатысуын дамыту және Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының Съезін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіргені, сондай-ақ ИКҰ өкілдерінің осы жиынға қатысқаны үшін ризашылық білдірді. Қазақстан бұл жұмысты жалғастырады және жинақтаған тәжірибені ЕҚЫҰ мен ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық еткен кезде дінаралық толеранттылықты бекемдеу үшін пайдаланатын болады.
Астанадағы дінаралық жиынның зор ерекшелігін атап өте келіп Сәлем әл-Хауни Қ.Тоқаевқа ИКҰ Бас хатшысы Э.Ихсаноглудың ізгі тілектерін жеткізді және бұл ұйымның басшылығы діндер арасындағы үнқатысуды дамыту жөніндегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалай отырып, оны жер жүзіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне маңызды үлес ретінде қарастыратынын айтты.