Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Жоғарғы Халық Сотының төрағасы В.Шэнцзюньді қабылдады

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Жоғарғы Халық Сотының төрағасы В.Шэнцзюньді қабылдады.
None
None

Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы көптарапты, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі үнқатысу деңгейіндегі байланыстарды одан әрі нығайтуда осы сапардың маңыздылығын атап өтті.

«Біз парламентаралық байланыстарды дамытуды, делегациялар алмасуды жақтаймыз, біздің елдер арасындағы өзара парламентаралық іс-қимыл белсенді түрде жалғасуы тиіс», - деді төраға.

Қазақстан Республикасы мен ҚХР-дың Жоғарғы соттарының өкілдері ШЫҰ аясында өзара белсенді түрде іс-қимылды жүзеге асырып келе жатқанын айта келіп, Қ.Тоқаев екі мемлекеттегі өзара түсіністік пен құқықтық іргетастың құрылысын одан әрі нығайтудағы заңнама тұрғысында ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

В.Шэнцзюннің айтуынша, соттар қауымдастықтары арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықты белсенділендіру Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастардың маңызды бағыттары болып табылады.

Қазақстандық әріптестермен жан-жақты келіссөздер қорытындылары туралы айта келіп, В.Шэнцзюнь «қытай соты әділет саласы бойынша Қазақстаннан тәжірибе алып, өзара мүдделерге сай мәселелер бойынша барлық келісімдерді қолданысқа енгізетін болады», - деді.

Соңғы жаңалықтар