Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Дохадағы (Катар) «Одан әрі дамуды қолдау мақсатында мәдениетаралық үнқатысу» IV форумына қатысады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәми 10-13 желтоқсанда БҰҰ Өркениеттер альянсінің Дохадағы (Катар) «Одан әрі дамуды қолдау мақсатында мәдениетаралық үнқатысу» IV форумына қатысады,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Дохадағы форумда: «Даму үшін мәдени алуандықтың мәні қандай? Жетпейтін буын»; «Мыңжылдық және орнықты дамуды ілгерлету үшін сенім мен толеранттық» жалпы сессиялары болады.

Дохада болған кезде Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Мәми форумға қатысушылармен, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсі жөніндегі Жоғарғы өкілі Ж.Сампайомен, ЮНЕСКО Бас директоры И.Боковамен кездеседі.

Қазақстан мен Катар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Мәми Катар басшылығымен және осы елдің Консультативтік Кеңесінің Төрағасы М.әл-Холаифимен кездесуі жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар