20:17, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Тәжікстан Республикасы Милли меджлисінің Төрағасымен кездесті
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 9 қараша. ҚазАқпарат (Қанат Мәметқазыұлы). Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Санкт-Петерборда ТМД ПА кеңесінің отырысы шеңберінде Тәжікстан Республикасы Милли меджлисінің төрағасы Махмад Саид Убайдуллаевпен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыта түсу, оның ішінде парламентаралық диалогтарды тереңдету мәселелері қозғалды. «Тәжікстан халықаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша Қазақстанмен өзара байланысты кеңейтуге мүдделі», - деп атап өтті М.Убайдуллаев өз кезегінде.
Сенат спикері парламентаралық ынтымақтастықтың екіжақты қарым-қатынастар мәселесінде маңызды рөл атқаратынына назар аударды.