Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының делегация мүшелерімен кездесті

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының отырысына қатысу үшін Астанаға келген түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының делегация мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Қ.Мәми түркі әлемі халықтарының арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтуға жәрдемдесетін шараларға қатысқаны үшін парламентшілерге алғыс айтты.

- «Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі парламентаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етуге әзір»,-деді төраға.

Былтырғы қазан айында түркітілдес елдердің Қазақстанда болған алғашқы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалай келіп, төраға түркітілдес елдер ықпалдастығының одан әрі тереңдей түсуі жайында айтты.

Соңғы жаңалықтар