Сенат төрағасы шетелден активтерді қайтару жөніндегі заң қандай мүмкіндік беретінін айтты

«Шетелден активтерді елге қайтару бағытында ауқымды жұмыстар бар. Бұл өз кезегінде өте күрделі жұмыс. Сонымен қатар, шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы дайындалды. Осы құжат аясында активтерді қайтару бағытында тиісті нормалар қамтылады», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда ол тиісті есепшот бар екенін, оған жемқорлардан тәркілегенген және қайтарылған қаражат түсетінін айтты.
«Тиісті қаражат жинақталып жатыр. Қаражат еліміздегі мектеп құрылысына да бағытталады, яғни онда қомақты сома бар. Атап айтқанда, осы бағыттағы ауқымды жұмыстардың нақты нәтижесі бар. Менің ойымша, Парламент тиісті заңды қабылдағаннан кейін, бұл саладағы қадамдар жаңа қарқын алады. Аталған заң бірқатар сұраққа жауап береді», - деді Мәулен Әшімбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді.