Сенат Трамптың мемлекеттік шығыстарды қысқарту туралы заңына дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің бастамасымен дайындалған мемлекеттік шығыстарды қысқарту туралы заң жобасына АҚШ Конгресінің сенатында сенбі күні процедуралық дауыс беру шарасы өтті, деп хабарлайды ТАСС.

Пакистан выдвинул Трампа на Нобелевскую премию мира
Фото: АА

Құжатты 51 заң шығарушы қолдады, 49 адам қарсы дауыс берді. Қорытынды дауыс беру жақын күндерде өтеді. Конгрестің екі палатасын да бақылап отырған республикалықтар осыған дейін заң жобасы 4 шілдеден кешіктірілмей мақұлданады деп есептеп отырғандарын мәлімдеген болатын.

Трамп «бірегей, ауқымды, әдемі заң жобасы» деп атаған құжат бірқатар салада салық пен мемлекеттік шығыстарды айтарлықтай қысқартуды қарастырады. Бұл ретте ол қорғаныс саласына, нақтырақ айтқанда Golden Dome (Алтын күмбез) зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне бөлінетін қаржы көлемін арттыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар құжатқа шекаралық бақылауды қатайтуды қарастыратын шаралар кірген, осы салаға да шығындарды арттыру қарастырылған.

Осыған дейін Америка үкіметінің жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі ведомствоның үйлестірушісі болған америкалық кәсіпкер Илон Маск заң жобасын бірнеше рет сынаған болатын. Бұл ретте кәсіпкер құжаттағы мелекет қарызының ең жоғары деңгейін $5 трлн-ға жеткізу туралы талапты сынаған. Қазіргі таңда АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $36 трлн.

Маусым айының басында АҚШ Конгресінің бюджет басқармасы бағалау қорытындысын жариялады. Онда заң жобасында қамтылған шараларды жүзеге асыру алдағы онжылдықта АҚШ-тың бюджет дефицитін $2,4 трлн арттыруы мүмкін екені көрсетілген.

Аталған есеп бойынша, алдағы 10 жылда бюджеттің кірісі $3,6 трлн-ға азаяды, ал шығыстар $1,2 трлн-ға кемиді.

22 мамыр күні Конгрестің төменгі палатасы аталған заң жобасына қатысты өздерінің нұсқасын мақұлдады.

Осыған дейін Қытайдың АҚШ-пен сауда келісімі жасалғанын растағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар