Сенат валюталық реттеуге бағытталған жобаны бірінші оқылымда мақұлдады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы валюталық реттеу және валюталық бақылау жүйесін одан әрі ырықтандыруға бағытталып отыр. Еліміздегі валюталық реттеу мәселелері заң жобасы шеңберінде бірқатар бағыттарды қамтитын болады. Атап айтқанда, валюталық реттеу режімдерін және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, экономикамызға қауіп төнген жағдайда қолданылуы мүмкін валюталық шараларды нақтылау көзделеді. Осыған орай, құжат бойынша елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде Мемлекет басшысының актісімен енгізілетін арнайы валюталық режім шеңберінде қабылданатын шаралар ауқымы кеңейтілді және арнайы валюталық режімді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді. Сонымен бірге, заң жобасымен Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Лицензиялау туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Бұндай түзетулер валюталық реттеуді одан әрі ырықтандыруға, валюталық реттеу режімдері бойынша ұлттық және шетел валютасын репатриациялау жөніндегі рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге бағытталады. Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады.
Соңғы жаңалықтар
telegram