Сенат зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасын 16 мамырда жалпы отырыста талқылайтын болды

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы болып өтті.
None
None

Еске салсақ, бұған дейін Мәжілісте мақұлданған заң жобасы негізінен Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғыртуды көздейді. Бұл ретте құжат бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру қарастырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы мен акционері ел Үкіметі болса, оның зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұдан бөлек заң жобасының шеңберінде ауыр және қауіпті өндіріс жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті санатқа еңбекақы төлеу қорынан 5 пайыз мөлшерінде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару қарастырылады.

Бұл ретте жұмыс берушіге жүктеме көбеймейді. Заң жобасындағы басты жаңалықтардың бірі - әйелдердің зейнеткерлік жасын біріздендіру мәселесі. Бұл ретте заң жобасында қамтылғандай зейнеткерлік жасты көтеру 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға ұлғайта отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделеді. Жобаға сәйкес, елімізде әйелдер 2023 жылдан бастап зейнеткерлікке 63 жасынан шыға бастайтын болады.

«Қоғамда осы заң жобасы, оның ішінде әйелдердің зейнет жасын арттыру мәселесі өте өткір талқыланып келе жатыр. Сенат бұл құжатты бірінші оқылымда он алтыншы мамырда қарауды жоспарлап отыр. Заң сапалы болуы үшін бұндай таныстырылым аса қажет», - деді жалпы отырыс барысында Сенат Төрағасы Қайрат Мәми.

Соңғы жаңалықтар