Сенат Жер кодексінің нормаларына мораторийді көздеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» №248 Жарлығын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаты Жер кодексінің жер пайдалану жөніндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беруді (жалға алу) реттейтін жекелеген ережелерінің қолданылуын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтата тұру болып табылады. Сондай-ақ, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның кейбір нормаларының және Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұратын болады.

Атап айтқанда, біріншіден, кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

«Аталған заң жобасымен биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін біріншіден, Жер кодексінің кейбір нормаларын тоқтата тұру көзделген. Біріншіден, азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мен жекеменшік учаскелерін беруге қатысты, екіншіден шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын иеленуге қатысты, «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 2 қарашадағы заңын қолданысқа енгізуді тоқтатады. Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстар талап етпейді»,  - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Сенат заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат екінші оқылымда талқылау үшін күн тәртібіне енгізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар