Сенатор Ахан Бижанов РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің депутаттары Виктор Глухих пен Владимир Литюшкинмен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі мемлекеттің заң шығару органдарының жоғарғы палаталары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өте келіп, парламентаралық деңгейдегі байланыстарды одан әрі тереңдетуді жақтайтынын айтты.
Комитет басшысының айтуынша, Сенат пен Федерация Кеңесі арасында достық және іскерлік тұрғысындағы қарым-қатынастар қалыптасты. Парламентаралық ынтымақтастық топтары белсенді түрде жұмыс істеп келеді.
Осыған дейін болған үш отырыста парламентшілер саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық байланыстарды құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ екі мемлекеттің шекаралық аймақтағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
А.Бижанов Федерация Кеңесі мүшелерін Кеден одағы жөніндегі заңнамалық базаны қалыптастыру жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етті.
«Осы сессияда біз құжаттардың үлкен топтамасын қабылдадық. Ықпалдастық бірлестікті дамыту, 1 шілдеден бастап - бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру мақсатында Парламент 40-тан астам келісімдер мен шарттарды ратификациялады»,-деді А.Бижанов.
В.Глухихтің пікірінше, екіжақты қатынастарда парламенттік мазмұн маңызды бағыт болып табылады. «Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының әлеуетін жүзеге асыруда заңнамаларды нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстардың зор маңызы бар»,-деп атап өтті депутат.