Сенатор Б.Әйтімова Беларусьтің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова Беларусьтің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовпен кездесті.
None
None

Әңгіме барысында екіжақты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі елдің заң шығару органдарының арасындағы достық топтарынан Ынтымақтастық жөніндегі комиссияға дейінгі өзара іс-қимылды арттыру оң бағаланды.

А.Ничкасовтың елші ретіндегі дипломатиялық белсенді қызметін атап өткен сенатор Парламенттің қазіргі жұмысы мен Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету аясында қабылданған заңдар туралы хабардар етті.

Әңгіме барысында сонымен бірге алдағы күндерде Беларусьтің Қазақстандағы күндерін өткізу, сондай-ақ Қазақстанда бірлескен өндірістің толық тізбекті желісін ашу жөніндегі өзара іс-қимылдың келешегі де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар