Сенатор Е.Мұқаев БҰҰ Арнаулы баяндамашысымен кездесті

Кездесу барысында сенатор Қазақстан адам құқықтарын қолдау және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында ашықтық пен әділдік қағидаларын ұстанып келе жатқанын және одан айнымайтынын атап өтті.
Е.Мұқаев қазақстандықтардың еліміздің Конституциясында бекітілген экологиялық құқықтары, сондай-ақ Экологиялық кодексті іске асыру барысы туралы хабардар етті. Қазақстан құқық қорғау шарттарының көпшілігін ратификациялады, адами өлшемдегі нормативтік құқықтық база мен іс жүзіндегі шараларды одан әрі жақсартуды көздейтін 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленіп, іске асырылуда. Таяу уақытта Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі адам құқы саласындағы Ұлттық жоспардың жаңа жобасын әзірлеу жоспарлануда.
Кездесу соңында жүздесушілер құқық қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайында өз ойларын ортаға салды.