Сенатор Ғ. Қасымов заң жобасына Ұлттық банктің халықтан жасырып девальвация үдерісін жүргізуге тыйым салатын түзету енгізбекші

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Ұлттық банктің халықтан жасырып девальвация жасауына тыйым салу керек. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында сенатор Ғани Қасымов
осындай пікір білдірді. Сондай-ақ депутат осы ұсынысты заң жобасының екінші оқылымында енгізетіндігін айтып, әріптестерін қолдауға шақырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанның Ұлттық банкіне халық атынан әрі халықтан жасыра отырып, кез келген девальвациялық үдерістерді жүргізуге тыйым салу керек. Бұны миллиондаған салымшылар талап етіп отыр, сондықтан да оған жайбарақат қарауға болмайды. Мен дәл осы мәселені бірнеше мәрте көтерген болатынмын. Енді мүмкіндікке байланысты оны заң жобасына түзету ретінде енгізбекпін, қолдауларыңызды сұраймын», - деді Ғ. Қасымов жалпы отырыста. Сонымен бірге, сенатор өз әріптестерінің талқысына инфляциялық үдерістерге қатысты мәселені тиімді реттеуді ұсыныс ретінде шығарды. Оның айтуынша, инфляция мемлекеттік органдардың бұрыс басқару шешімдерінің салдарынан туындайды. «Соның кесірінен қарапайым жұртшылық жапа шегеді. Сондықтан да бұның өтемақысы болуы шарт. Яғни, инфляциялық үдерістерге қатысты өтемақылық саясат ұстану керек», - деді депутат.
Соңғы жаңалықтар