Сенатор Қ. Сұлтанов ҚХР ХӨБЖ Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Ма Вэньпу бастаған ҚХР парламенттік делегациясымен кездесті
Кездесу барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
«Екіжақты қатынастар табысты қарқынмен дамып келеді және өзара іс-қимылдың үдей түсуімен сипатталып отыр. Ол екі мемлекеттің Басшыларының достығы мен өзара түсіністігі арқасында мүмкін болды»,- деді Қ.Сұлтанов.
Парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты белсенділендіру мәселелеріне қатысты сенатор Сенат депутаттарының ынтымақтастық тобы мен ХӨБЖ парламентшілері деңгейіндегі байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Оның пікірінше, «өкілді органдардың өзара іс-қимылы да мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етуге арналған».
Ма Вэньпу Қазақстанда жүргізілген экономикалық және саяси жаңарулардың табыстылығын айта келіп Қазақстан мен Қытайдың дәстүрлі достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудағы парламентаралық дипломатияның маңыздылығын атап өтті.
Жүздесушілер қарусызданудың бүкіл әлемге қанат жаюындағы күш жігерді ілгерілетудегі және ядролық қаруды таратпау тәртібін қамтамасыз етудегі Қытайдың бейбітшілік және қарусыздану жөніндегі күрес ассоциациясы мен қазақстандық Бейбітшілік қорының рөлдерін жоғары бағалады.