Сенатор Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысында кездесулер өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Отырар, Бәйдібек, Созақ, Арыс, Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал аудандары мен Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларында болды.
None
None

Сапар барысында депутат облыстың экономика, мәдениет және әлеуметтік салаларында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындарымен, еңбек ардагерлерімен, мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен, партия және қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесті. Мақтаарал ауданына барған кезінде депутат жүгері және мақта алқаптарында болып, өндіріске енгізіліп жатқан озық технологиялармен танысты. Сонымен қатар сенатор Қ.Айтаханов Шымкент қаласында жергілікті тұрғындарды қабылдады.

Соңғы жаңалықтар