Сенатор: Шығыстарды қысқартудың ең көп үлесі ҚР Ішкі істер министрлігіне тиесілі

«Егер де мемлекеттік органдар шығыстарын қысқарту құрылымына тоқталатын болсақ, ең көп қысқарту Ішкі істер министрлігіне қатысты болды, яғни оның сомасы 41,8 млрд. теңге шамасында. Одан кейін Ұлттық экономика министрлігі тұр, бұл ведомство шығыстарын 15,8 млрд. теңгеге азайтты. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі - 13,6 млрд. теңгеге, Қаржы министрлігі - 6,7 млрд. теңгеге қысқартты», - деді депутат.
Осы орайда ол 2015 жылға республикалық бюджет шығыстары, 686,7 млрд. теңге оңтайландыру көлемін ескере отырып, 7,2 трлн. теңгені құрағанын атап өтті. Орташа алғанда бюджет шығыстарын оңтайландыру жалпы көлемнің 9 пайызын құрады.
Сонымен қатар Е. Астаев «Самұрық-Қазына» қоры өзінің шығыстарын 22,3 млрд. теңге сомасында оңтайландырғанын жеткізді.