Сенатор Ж.Ерғалиев: Жаңа жылда Мәңгілік ел болудағы сапарымыз сәтті болғай!

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Барша адамзат баласы зор үміт күтіп отырған Жаңа 2015 жыл қазақстандықтар үшін «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» заман болсын деген көкейде бір ізгі тілек бар, дейді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев.

Оның айтуынша, Тәуелсіз қазақ елінің Жаңа жылда сенімді қадаммен ілгері басуына толық негіз бар.

«Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатының мәуелі жемісіндей мызғымаған бірлігі, қазақстандықтардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі нығайтуға деген зор құлшыныстары және де қазақстандықтардың алға қойған ұлы мұратты істері бар. Біздің сол мұратты міндеттеріміздің барлығы да Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болшаққа бастар жол» Жолдауында және «Тәуелсіздік толғауында» жан-жақты әрі нақтылы айтылды. Елбасы елдің бірлігін сақтауды барлық міндеттердің ең биігі, ең қасиеттісі, ең абыройлысы екендігін үзбей айтып келеді. Ел бірлігінің құдыретті күшін біз Тәуелсіздік жылдары жеткен биігімізбен өлшей аламыз. Олай болса, бірлік бар жерде тірлік бар екендігін, өркенді де өрісті өмір бар екендігін айтар едім. Жаңа жыл барша қазақстандықтарға құтты жыл болсын! Елбасының алға қойып отырған міндеттерін орындау жолындағы істеріміз берекелі болып табыстарға жете берейік. Еліміздің бірлігі мызғымасын, тыныштығы бұзылмасын. Елбасымыз аман болып, еліміз мақсатты биіктерге жете берсін. Мәңгілік ел болудағы сапарымыз сәтті болғай!», - дейді құттықтау сөзінде сенатор.

Соңғы жаңалықтар
telegram