Сенатор Ж.Төрегелдинов Алматыда сайлаушылармен кездесулер өткізді
Мәселен, Түрксиб ауданының активімен, Локомотив депосының жұмысшыларымен, Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен кездесуде Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының негізгі ережелері, сондай-ақ, бесінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жұмыс қорытындылары талқыланды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесулерде бизнесті ынталандыру мен заңнамалық тұрғыда қолдау және әкімшілік рәсімдерді одан әрі оңайлату мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, Ж.Төрегелдинов сайлаушыларды Сенаттың парламентаралық қызметінен хабардар етті. Кездесуге қатысушылар жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, жұртшылыққа жасалған қамқорлықтары мен мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдары үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді.