Сенаторлар аймақтарға аттанды

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары биылғы қарашаның 12-сі мен 20-сы аралығында еліміздің аймақтарында болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Республика облыстарында болған кезде сенаторлардың жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді билік активімен, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі көзделіп отыр.

Онда индустриялық-инновациялық стратегия, әлеуметтік жаңғыру, аймақтық дамуды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдау саласындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Кездесулерде сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы Декларациясы жобасының негізгі ережелері түсіндірілетін болады.

Соңғы жаңалықтар