Сенаторлар ел өңірлерін аралауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің аймақтарына сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Икрам Адырбеков, Ләззат Қиынов және Орынбай Рахманбердиев Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында және Кентау қаласында болды.
None
None

Сапар аясында олар «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның құрамына кіретін «Таукент тау-химия кәсіпорнында» және «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-да болды. Сенаторларға тау-химия кәсіпорнында техника мен жабдықтар көрсетіліп, еңбек ұжымымен пікір алмасу орын алды. Депутаттар сондай-ақ кәсіпорынның дәрігерлік орталығы, балалар бақшасы және спорттық-әлеуметтік нысандары орналасқан жақын жердегі елді мекенде де болды.

Сенаторлар «Алтын сапа» сыйлығына зауыт бірнеше мәрте ие болған «Кентау трансформатор зауытында» өндіріс тізбегімен танысып, шығарылатын жабдықтардың жоғары сапасымен және кең ауқымымен танысты. Олар сондай-ақ еңбек ұжымын зауыттың 55 жылдығымен құттықтап, алдағы уақыттағы еңбектерінің табысты болуына тілектестіктерін білдірді.

Депутаттар еңбек ұжымымен кездесуде «Қазақстан-2050» стратегиясы мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыру барысы туралы ой бөлісті. Олар сондай-ақ жұмысшыларға Парламенттің заң шығару қызметі туралы әңгімелеп, индустрияландыру және әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, халық қалаулыларының оңтүстік өңірдегі бұл сапары 29-30 сәуірде өз жалғасын табады. Сонымен қатар Сенат депутаттары Хусаин Валиев, Анатолий Башмаков және Жеңіс Нұрғалиев Қостанайда «G-Global» идеясын қолдау жөніндегі жұртшылықтың жиналысына қатысты. Шараға мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары, ардагерлер ұйымдарының, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың және оқу орындарының өкілдері келді. Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасы туралы айта келіп «Жаһандық құрылымды қалыптастыруда экономикалық, саяси және экологиялық факторлармен ескерумен ғана шектелмейді. Енді мәдени көзқарастарды да назарға алатын уақыт келді», - деп атап өтті. Депуттатар ақпараттық-коммуникациялық алаңдар мемлекеттер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы үнқатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта келіп, шараға қатысушыларды «G-Global» коммуникация алаңдарының жұмысына қатысуға шақырды. «G-Global» бастамасы - бұл тек аға және орта буын ұрпақтарының ісі емес. Бұл бастаманы қолдауға және оны іске асыруға жас ұрпақ та араласуы тиіс. Жарқын болашаққа жету үшін қалың көпшілік осы идеямен өмір сүруі тиіс», - деді сенатор Х.Валиев. Шараға қатысушылар «жаһандық сәулеттің жаңа қағидаларын ілгерілету идеясына» қолдау білдіріп, G-Global-ді қолдау коалициясын құрды. Сондай-ақ сенаторлар М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасының ашылуына қатысты. Бұл кафедра дәріс оқуға Ассамблеяның, ұлттық мәдени орталықтарының өкілдерін шақырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің түрлі салаларын студент жастарға түсіндіруге атсалысады, толеранттықтың ғылыми негіздерін зерттеу жөніндегі ғылыми-әдістемелік көмекші құралдар мен хрестоматияларды әзірлейді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум