Сенаторлар «Нұрлы жол» Жолдауын түсіндіру мақсатында бірнеше кездесу өткізді - БҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Орал қаласының активімен және Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесті.
None
None

Шараға атқарушы және өкілді биліктің, сондай-ақ қоғамдық жастар ұйымының өкілдері қатысты.

Сенатор «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты елдің және әр адамның өмірін жақсартуды көздейтін нақты істерді шешуге бағытталғанын атап өтті. «Президент жолдарды қан тамырларына теңей отырып, оларды дамытуға ерекше мән береді, жолдар мемлекетті одан әрі өркендетуге тікелей байланысты», - деді сенатор.

Р. Ахметов сондай-ақ аудан орталығындағы жаңа емханада болып, 600 орындық мектеп және 100 орындық интернат құрылысының барысымен танысты.

Сондай-ақ, Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова осы өңірдегі сапары барысында Елбасы Жолдауын аймақ жұртшылығына түсіндіру мақсатында бірқатар кездесулер өткізді.

Облыс активінің отырысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру мәселелері талқыға салынды. Кездесуге сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрғали Әшім және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қатысты.

Аудан орталығы Қаратөбеде және Қалдығайты, Шөпті көл, Жусандыой ауылдарында тұрғындар алдында сөз алған Б. Әйтімова Жолдаудағы экономикалық ахуалды тұрақтандыру бағыттары туралы жұртшылыққа әңгімелеп, стратегиялық құжат міндеттерін іске асыруда әр қазақстандықтан ынтымақ, мақсаткерлік, бірлесе еңбек ету және тапсырылған істі жауапкершілікпен қарау талап етілетінін атап өтті.

Талқылауға қатысқан аудан жұртшылығы Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының маңызына тоқтала келіп, оны бірауыздан қолдады және құжатта шағын бизнесті, әлеуметтік, көлік және энергетика салаларындағы инфрақұрылымдарға қолдау жасау көзделгенін атап өтті.

Парламент депутаттары Б.Әйтімова мен Н.Әшім сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады және Қаратөбе ауданындағы білім беру ұйымдарымен танысты.

Соңғы жаңалықтар