Сенаторлар облыс әкімдігінде облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, аудандарда жергілікті депутаттармен кездесулер өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақберген Досманбетов пен Қожахмет Баймаханов облыс әкімдігінде облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен,
None
None
аудандарда жергілікті депутаттармен кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мәслихат депутаттары алдында Бақберген Досманбетов мемлекет жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформалар туралы кеңінен әңгімеледі. Еліміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына жаңаша серпін беретін Салық және Бюджет кодекстеріне, басқа да заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Үкіметтің қолға алған қаржы дағдарысына қарсы шаралары, жұмыссыздықты азайту жөніндегі әрекеттері оң нәтиже беретініне кәміл сенуге болады. Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау, халықтың ипотекалық несие алуы, басқа да мақсаттар үшін миллиардтаған қаржы бөліп отыр. Қожахмет Баймаханов сайлау және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға, су кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында түсіндірме жасады. Енді сайлау үдерісінде саяси партиялар бірқатар жеңілдіктерге ие болады, сайлау комиссияларының мүшелеріне науқан кезінде еңбекақысы сақтала отырып, қаржы төленеді. Үкімет елдегі экономикалық жағдайды жақсарта түсу бағытында бірқатар шараларды қолға алды. Депутат Үкімет тарапынан егістік жерлерді қалпына келтіруге бетбұрыс жасалғанын, Сыр өңіріндегі инженерлік жүйеден өткен жерлердің проблемаларын да айтып өтті.
Соңғы жаңалықтар