Сенаторлар Румынияда бірқатар кездесулер өткізеді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 23-27 сәуірде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов (Румыния Парламентімен ынтымақтастық тобының жетекшісі) және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бақтыбай Шелпеков құрамына енген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Румыния Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы Валериу Штефан Згоняның шақыруы бойынша Бухарестке барады.
None
None

Сапардың мақсаты - Қазақстан мен Румынияның парламентаралық ынтамақтастығын үдету. Қазақстандық сенаторлардың Румыния Парламенті қос палатасының басшыларымен, Румыния Премьер-Министрінің орынбасарымен, «Румыния-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Габриэль Опрямен, сондай-ақ Қазақстан-Румыния іскерлер кеңесінің төрағасымен, «Грампет Групп» компаниясының президенті Груя Стойкамен кездесулері жоспарланған.

Сапар аясында Румыния Парламентінің сарайында дөңгелек үстел отырысы болып, онда қазақстандық сенаторлар румын әріптестерін Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясымен және G-Global жобасын іске асыру барысымен таныстырады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум