Сенаторлар Санкт-Петербургте ТМД ПА тұрақты комиссиясының отырысына қатысуда

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысуда.
None
None

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аймақаралық ынтымақтастығы туралы Конвенциясының жобасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Инновациялық үлгі кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарына Парламент Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Нұрлан Сүлейменов қатысты. Ал  сенаторлар Ләззат Тұрлашов пен Елеусін Сағындықов бюджетті бақылау комиссиясы мен мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу комиссиясының құрамында жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, ТМД ПАА-ның экономика және қаржы, әлеуметтік саясат және адам құқықтары, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына депутаттар Сергей Плотников, Хұсаин  Валиев, Орынбай Рахманбердиев қатысты. 

Еске салсақ, достастық парламентшілерінің талқысына ТМД ПАА бюджетін қалыптастыру және атқару, «Аймақтық саясат негіздері туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың жалпы қағидалары туралы», «ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің орнықты және қауіпсіз даму тұжырымдамасының заңнамалық негіздері» үлгі заңдарын әзірлеу мәселесі шығарылады.

Соңғы жаңалықтар