Сенаторлар «Сортөбе» жаңа шекара заставасының ашылуына қатысты

Еліміздегі Мемлекеттік шекарасын жайластыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында оңтүстік және шығыс өңірлерінде биылғы жылы 20 бөлімше іске қосылды. Басқа заставалар секілді «Сортөбе» заставасы да қазіргі заманғы құрылыс талаптарына сай салынып, шекарашыларға барлық жағдай жасалды.
ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев мемлекеттік шекараны жайластыру жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыруда тағы бір қадам жасалғанын айта келіп, шекарашыларға мықты денсаулық және жауапты қызметтеріне тілектестігін жеткізді.
Шекарашылар комитет басшысының қолынан пәтер кілттерін алды. Бұдан кейін мекеме басшылары, депутаттар және қонақтар шекара қалашығының инфрақұрылымдарымен танысты. Сондай-ақ, шекара сақшылары биыл алынған автомобильдер мен арнайы техникалардың жұмысын көрсетті.