18:52, 29 Қаңтар 2013 | GMT +5
Сенатта АҚШ Конгресі Аппаратының делегациясымен кездесу өтті
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатында депутат Серік Нөгербеков пен Сенат Аппаратының басшылығы Америка Құрама Штаттарының Конгресі Аппаратының делегациясымен кездесті. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ делегациясы сапарының басты мақсаты екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту болып табылады. Сонымен қатар, тараптар жүздесу барысында заң шығару мәселелерін талқылады. Кездесу барысында С.Нөгербеков заң шығару қызметі мен Парламент Сенатының құрылымы туралы жан-жақты әңгімеледі.