Сенатта халық үшін бағалы қағаздар нарығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Бақберген Досманбетовтің төрағалық етуімен депутаттарының Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігі мен Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік басшыларының кездесуінде халық үшін бағалы қағаздар нарығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Талқылауды ашқан Б.Досманбетов бұл қаржы мекемелерінің Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын дамыту үдерістеріндегі рөлін атап өте келіп, халық үшін қаржы қызметінің жаңа салаларын енгізудің маңыздылығына тоқталды.

Еліміздің жедел экономикалық дамуындағы басым бағыттары қатарында Президент Н.Назарбаев халықаралық сыныптағы қаржы секторын дамыту қажеттігін айтқан болатын. Биылғы Жолдауда отандық қаржы нарығын 2020 жылға қарай ТМД мен Орталық Азиядағы өңірлік ислам банкингіне айналдыру туралы міндет қойылған.

Сенатор атап өткендей, бағалы қағаздар нарығының қызметіне халықтың белсенді қатысуы оны дамытудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты ол банкілердің депозиттік белсенді қызметін қамтамасыз етіп, дамуына жеке тұлғалар ықпал еткен шетелдік қор нарықтарының табысты тәжірибелерін мысалға келтірді.

Осы секторды дамытуға бағытталған мемлекеттік шараларға қатысты Б.Досманбетов бағалы қағаздар нарығын нығайтуға ықпал ететін заңнама базасына назар аударды. Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға толықтырулар мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдарға шектеулерді алып тастауды және эмиссиялық бағалы қағаздардың акция және облигация секілді түрлерін, сондай-ақ ашық және инвестициялық пай қорлары пайын сатып алу және сатуды қарастырады.

Қор нарығына халықтың инвестициялық белсенділігін арттырудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысты сенатор халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын көтеру жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау, қаржы министрлігінің жеке тұлғаларға арналған МАОКАМ-ның мемлекеттік облигациялары бойынша жұмыстарды атап өтті.

Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің көмегімен 2008 жылы «Биржа» ұлттық ойыны табысты өтті, таяу күндерде осы агенттіктің тікелей қолдауымен «Жақсы инвестор» конкурсы басталды. Оны ұйымдастырушылардың ойынша, шара бағалы қағаздардың қазақстандық нарығында жеке тұлғалардың инвестициялық үлесін арттыруға ықпал етеді және бөлшектік инвесторлардың белсенді қызметі үшін ынталандыратын болады.

Кездесуде сөз алған Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігінің төрағасы Е.Бахмутова осы сектордың жағдайы туралы ақпаратты депутаттар назарына ұсынып, қор нарығын дамытуға кедергі болатын мәселелерді белгіледі.

Е.Бахмутованың пікірінше, қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда құқықтық жағының маңызы зор. Осыған байланысты агенттік басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері жөнінде өзгерістер енгізілетін заңдарды атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ қаржы министрінің орынбасары Р.Даленов, Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Ә.Арыстанов сөз сөйледі және депутаттар сауалдарына жауап берді.

Қаржы секторының дамыту бағыттары, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу және инфрақұрылымын одан әрі дамыту, халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын көтеру, эмитеттер мен бөлшектік инвесторларға жағдайы қалыптастыру жайында құрылым басшылары баяндады.

Соңғы жаңалықтар