Сенаттағы дөңгелек үстел отырысында көктемгі дала жұмыстары мұқтаждарын қаржыландыру мәселелері талқыланды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенат депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен еліміздің аграрлық азық-түлік кешені алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыратын құрылымдар басшыларымен кездесіп, үстіміздегі жылдың көктемгі дала жұмыстары мұқтаждарын қаржыландыру мәселелері талқыға салынды,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен.Талқылауды аша келіп, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Евгений Аман әңгіменің басты тақырыбы ? тұқым себу жұмыстары қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялау барысы туралы шынайы мәліметті алу екенін белгіледі.Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев депутаттарға аграршылардың көктемгі жұмыстарына әзірлігі туралы баяндады және шаруа қожалықтарын сапалы тұқым қорымен, тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар туралы әңгімелеп берді. А.Евниевтің баяндамасы бойынша техниканың даярлығы, осы заманғы тұқым себу кешендерінің қамтамасыз етілуі, минералды тыңайтқыштардың мұқтаждарын субсидиялау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру, жанар-жағармайды жеткізу ауылға көктемгі науқанды уақытында өткізуге мүмкіндік береді. «Осы сәтте Павлодар, Атырау, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарымен келісімдер аясында жер-жерге жанар май жеткізу мерзімі мен бағасы белгіленді (жанар-жағармай тоннасы 64 мың теңге тұрады). Операторлар айырмасының айқындығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдады», деді А.Евниев.Депутаттар жанармай бағасының былтырғы деңгейде қалғаны туралы және басқа да алаңдаушылық туғызған бірқатар сауалдар қойды. Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы кешеніне бөлінген несие ресурстарымен аграршыларды қамтамасыз етуге қатысты сауалдарға жан-жақты ақпарат берілмеді. Өңірлерге барған сапардан таяуда ғана оралған және нақты мәліметтері бар депутаттар қаржыландыру кестесінің икемсіздігін және қожалықтардың басым көпшілігі қаржыға қол жеткізе алмай отырғанын атап көрсетті. Сенатор Қуаныш Айтахановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді несиелеудің отандық тәжірибесі «бұл игілікті аграршылардың тек 6 пайызы ғана пайдаланатыны, ал қалған 94 пайызы бұл қаржыға ешқашан қол жеткізе алмауға еті үйренгенін» атап өтті.Жағдайдың неге олай және кім кінәлі екені туралы сауал қоя отырып депутат көктемгі дала жұмыстарын қаржылай қолдау ғана емес, саладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жауап беретін «ҚазАгро» холдингінің басшылығына өздерінің әкімшілік шығындары туралы есепті беруді сұрап өтініш жолдады. Әріптесіне қолдау білдірген басқа сенаторлар мемлекеттен бөлінген ресурстарға көтеріңкі сыйақы мөлшері орынсыз екенін айтты. Сонымен қатар, ресурсты ұстаушы белгілеген сыйақы мөлшері (12 пайыз) қаржыны алар тұста екі есе ұлғаятыны туралы олардың болжамы бекерге шығарылмады. Айтылғандарды түйіндей келіп, Е.Аман талқылау қорытындысы Үкіметке жазбаның негізін құрайтынын айтты. Онда өткір мәселелердің көріністері ғана емес, жанар-жағармай бағасын төмендету, борышты қайтару пайызы, қаржыландыру рәсімдерін оңайлату, несиелеуге қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар айтылатын болады.«Экономиканың маңызды саласын қолдау үшін қаржы іздеу, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі біздің міндеттерді шешудегі орасан зор еңбек бос әурешілікке емес, сындарлы қадамдарды тиімді жалғастыруға және алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс», деді сенатор. Кездесуге Сенат Төрағасының орынбасары Александр Судьин қатысты.
Соңғы жаңалықтар