Сенаттың алдағы жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін спикер Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды. Бюрода Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратына берілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Порнографиялық басылымдар айналыcының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы одан әрі пысықтауға берілді.

Бюрода Сенаттың 2013 жылғы 18 сәуірде болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды. Отырыста еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, жалпы отырыстың күн тәртібіне «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасы, сондай-ақ бірінші оқылымда қарау жоспарланған кейбiр заңнамалық актiлерге дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ілеспе заң жобасы да қосылды.

Депутаттар одан басқа, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қарулы күштері мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жұмыстардың бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум