Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті жалған кәсіпкерліктің жолын кесу туралы заң жобасын талқылады

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасы жалған кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жалған кәсіпорын ұйымдастыру және оның қызметіне байланысты қылмыстарды (тәртіп бұзушылықтарды) азайту мақсатында әзірленді.

Заң жобасына сәйкес алты заңнамалық актіге, оның ішінде Азаматтық кодекске (Жалпы бөлім), Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Сөйтіп, Қылмыстық кодекстің 6 тарауына кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру ниетінсіз жалған мәміле жасағаны үшін жауапкершілік қарастыратын жаңа бап қосылатын болды.

Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.

Соңғы жаңалықтар