Сенбі күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 28 қаңтар күні болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыста атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады, солтүстікте желдің күшеюі, батыста және оңтүстікте тұман түседі.
Соңғы жаңалықтар