Сенбіде еліміздегі 3 облыста аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Тек батыста атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағаймен болады, солтүстікте түнде және таңертен кей жерлерде тұман, оңтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста қатты жел болады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетпек.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады. 

 

Соңғы жаңалықтар