Сенегал мемлекеті Қазақстан бастамаларын әрқашан да қолдайды - Сенегал Мемлекеттік министрі-Сыртқы істер министрі Мадике Нианг
екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы кеңестер жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
«Сенагал мемлекетімен ынқтымақтастық тұрғысында байланыстарға жаңа серпін беріліп отыр. Сенегал Қазақстан үшін Африка құрлығындағы маңызды елдердің бірі», - деді Қ. Саудабаев қол қою рәсімінен кейін. ҚР Мемлекеттік хатшысы бүгінде аталған мемлекет Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етіп отырғанын айта келе, осы орайда келіссөздер барысында биыл Қазақстанның осы ұйымға төрағалығы қарсаңындағы шаралар сөз болғанын айтып өтті.
«Сонымен қатар біз екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, халықаралық тұрғыдағы мәселелерді қарастырдық. Атап айтқанда Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығына Ислам әлемі үлкен үміт артып отыр», - деп түйіндеді Қ. Саудабаев.
Өз кезегінде М. Нианг Сенегал Қазақстанмен тек экономикалық емес, сонымен бірге саяси байланыстар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін атап өтті. «Біз бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табыламыз. Сондықтан екі елдің арасында тығыз әріптестік қарым-қатынастар қалыптасып отыр. Бүгін бекітілген меморандум Қазақстан мен Сенегал арасындағы дипломатиялық байланыстарды ғана емес, сонымен қатар Азия мен Батыс Африка арасындағы қарым-қатынасты дамытуға негіз болмақ» - деді ол.
«Сенегал мемлекеті Қазақстан бастамаларын әрқашан да қолдайды. Себебі біз Қазақстанды маңызды әріптес деп қарастырамыз», - деді М. Нианг.