Сенегал министрлерге шетелге шығуға тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM – Сенегал министрлердің шетелге шығуына тыйым салған әлемдегі бірінші ел болды. Мұндай шешім Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс тудырған энергетикалық дағдарысқа жауап ретінде қабылданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап.

Сенегал министрлерге шетелге шығуға тыйым салды
Фото: Kurt Greul

Сенегал премьер-министрі Осман Сонко тек маңызды ресми сапарларға рұқсат етілетінін айтты. 

BILD мәліметінше, бұл шаралардың мақсаты – мемлекеттік шығындарды күрт қысқарту. Бұған мұнай бағасының айтарлықтай өсуі себеп болды. Мұнай импорттаушы Сенегал дағдарыстан әсіресе қатты зардап шекті, өйткені ол бастапқыда әлдеқайда төмен шығындарды күткен еді. 

Айта кетейік, осыған дейін Еуропада әуе отыны бағасы рекордтық деңгейге жеткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар