Сенегал Республикасының Мемлекеттік министрі Астанаға келеді

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 10 ақпанда Сенегал Республикасының Мемлекеттік министрі, сыртқы істер министрі Мадике Нианг Астанаға жұмыс сапарымен келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, М. Ниангтің Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен келіссөздері барысында екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қаралатын болады.

«Сонымен қатар Ислам Конференциясы Ұйымы аясында, атап айтқанда еліміздің аталған ұйымның сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық ету шараларына қатысты мәселелер талқыланады», - деді А. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар