Сенімді одақтас әрі серіктес – РФ елшілігі Қазақстанды Республика күнімен құттықтады
Қазақстандағы Ресей елшілігі Республика күні мерекесіне орай Қазақстан халқына құттықтау жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
— Құрметті қазақстандық достар, Республика күніне орай шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ресей үшін Қазақстан — көрші мемлекет және сауда-экономикалық қарым-қатынасқа қатысушы ел ғана емес. Қазақстан — сенімді одақтас және интеграциялық серіктес, РФ оның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайды және қажет болған жағдайда қорғауға көмектесуге дайын, — делінген хабарламада.
Елшілік Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы экономиканың дамуы мен табысы екі елдің стратегиялық әріптестігінің мүддесіне сай келетінін атап өтті.
— Қазақстанның сенімді дамуы, экономикалық көрсеткіштерінің өсуі, сыртқы саяси аренадағы және басқа да көптеген салалардағы табысы қуантады. Бұл екі елдің стратегиялық әріптестігінің ортақ мүддесіне сай келеді және атап айтқанда өңір мен Еуразия кеңістігінің тұрақтылығына аса маңызды үлес қосады. Біз Қазақстан халқының өз Отанын қаншалықты бағалайтынын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыт-бағдары бойынша жаңа Қазақстанды құруға қандай табандылықпен кіріскенін білеміз. Бауырлас Қазақстан халқына өркендеу, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз, — делінген құттықтауда.