Серік Теміржанов Сербия атынан сынға түскен боксшыға есе жіберді

2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов Астанадағы бокс кешінде Павел Фёдоровтан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Серік Теміржанов
Фото: Sports.kz

63,5 келіде сынға түскен қос спортшы алты раундтық жекпе-жекте аянып қалған жоқ. Боксшылар алма-кезек соққы жұмсап, бір-бірінен басым түсуге тырысты.

Дегенмен Сербияның намысын қорғап жүрген орыс боксшысы айқас қорытындысы бойынша қазақстандық қарсыласын қапы қалдырды. Қазылар алқасы бірауыздан Павел Федоров жеңімпаз деп таныды. 

Еске салайық, бұған дейін бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түскенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан да кубалық былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңді. Ал, құраманың үздігі Асланбек Шымбергенов мексикалық боксшы Хосе Мигель Боррегодан, Ерасыл Жақпеков нидерланд боксшысы Градус Клаустан жеңіліп қалды. 

Соңғы жаңалықтар