Сербия КО елдеріне сүт өнімдерін экспорттауға рұқсат алмақ

«Сербия ветеринарлық қызметінің кепілдіктерін, жақында жүргізілген инспекция барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі материалдардың сарапшылық талдауын ала отырып, Ресейауылшарқадағалау Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін сүт өнімдері тауарлардын өндіретін, өңдейтін және сақтайтын екі серб кәсіпорнын, ұйымдар мен тұлғаларды Беларусь пен Қазақстан республикаларының ветеринарлық қызметтерімен келіскеннен кейін тізілімге енгізуге әзір», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Әңгіме дайын сүт өнімдерін, соның ішінде ешкі сүті мен құрғақ сүтті өндіретін және сақтайтын кәсіпорындар жөнінде болып отыр. Бұдан басқа 22 тамыздан бастап Сербияның сүт, қышқыл сүт өнімдерін, ірімшік жеткізетін тағы бір кәсіпорнын сертификаттау жалғастырылады.